Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 21 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

21 Қазан
1868 1868 жылы Ақмола облысы құрылды
Ақмола облысы Қазақстан орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1961-1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км².
2009 2009 жылы Астанада бірінші желдік атласының тұсаукесері өткізілді
Астанада бірінші желдік атласының тұсаукесері болды.
2003 13 жыл бұрын «Транспорт Тауэр» ғимараты ашылды

21 Қазан 1868

1868 жылы Ақмола облысы құрылды

Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. 

Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз – Қорғалжын ойысы бар. 

21 Қазан 2009

2009 жылы Астанада бірінші желдік атласының тұсаукесері өткізілді

Астанада бірінші желдік атласының тұсаукесері болды. Желдік атлас интерактивті карта іспетті, белгіленген нүктеден орташажылдық жылдамдықты анықтау үшін ақпарат беріп, сонымен желдің келешек қолдану энергиясын болжау арқылы өзара немесе өзге жерлерде электроэнергияны алу мүмкіндігін анықтау. Атласқа сәйкес Қазақстан территориясында 50 000 кв. км-ден астам өте жоғары желдік шамасы бар, соның нәтижесінде теориялық жақтан жылына өндірілген 900 000 ГВтч электроэнергия қолдануға болады. Атлас ғалымдар, зерттеушілер мен энергетиктер үшін энергия көзін жаңартуда әлеуетті инвесторлардың салымы демеу болады.

21 Қазан 2003

13 жыл бұрын «Транспорт Тауэр» ғимараты ашылды

2003 жылдың 21 қазан күні «Транспорт Тауэр» әкімшілік-технологиялық кешенінің тұсауы кесілді, ол жерде қазір Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму министрліктері орналасқан. Кешен қаланың сол жағалауындағы ең әсем, биік (155 м) те бірегей ғимараттардың бірі. Сырт келбеті оттыққа ұқсас болып келгендіктен, халық арасында оны дәл солай атап кеткен. 36 қабаттан тұратын ғимараттың әсемдігін түнгі шамдар сәулесімен тамашалау керемет әсер қалдырады, әсіресе жарықтандырылған 25 метрлік сүмбінің көркемдігі таңғалдырады. Ең жоғарғы қабатта елордамыздың орталық бөлігінің ғажайып көрінісі ашылатын шолу алаңы орналасқан.