Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 20 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

20 Қазан
1997 1997 жылы «ҚР астанасы Ақмола қаласы деп жариялау туралы» ҚР Президентінің жарлығы шықты.
«Қазақстан республикасының астанасы Ақмола қаласы деп жариялау туралы» ҚР Президентінің жарлығы (1997 жылғы 20 қазан)
2005 2005 жылы Қарағандыда Экология мұражайы ашылды
Экология мұражайы (ЭкоМұражай) Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласында орналасқан.

20 Қазан 1997

1997 жылы «ҚР астанасы Ақмола қаласы деп жариялау туралы» ҚР Президентінің жарлығы шықты.

«1997 жылы Ақмола қаласы туралы жарлыққа қол қоюым арқылы Қазақстанның астанасы болды. Мен сол жылдарды еске ала отырып, сол кездерде астананың болашағына күдікпен, күмәнмен қараған қызметтестер де болды, бірақ олар жаңа астана өміріне бірінші күннен бастап-ақ белсене араласып кетті. Мен саясаткер және елдің басшысы ретінде ел өмірін картаға тіктім. Біздің еліміздің қабілеттілігін Бүкіл әлем қоғамдастығы, өзімнің алдымда дәлелдеп көрсетуге тиіс едім. Сонымен бірге Біздер үлкен мәселелерді шешуде қабілетті екендігімізді дәлелдеп бердік. Бүгінгі таңда шешімдеріміздің және озық идеяларымыздың толықтай іске асқандығын зор сеніммен айта аламыз. Жақында Біз Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын және Астананың Қазақстан жетістігінің нышаны болғандығын тойлаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


20 Қазан 2005

2005 жылы Қарағандыда Экология мұражайы ашылды

Экологиялық мәдениеттің қорғалуы және дамуы туралы халыктың экологиялық ақпараттар алуға еркін түрде араласуын қамсыздандыруы үшін мамандандырылған. Псевдореалистік (жалғаншындық) тәсіл арқылы  құрылған интерактивті экспозиция – Орталық Қазақстандағы көкейкесті экологиялық мәселелері, ядролық сынақтардың артында тұрған Семей полигоны, Сарышаған зымыран қаруынан қорғану полигоны туралы тарихты әңгімелейді. ЭкоМұражай Байқоңыр космодромының, жергілікті ауыр өнеркәсібінің өзекті мәселелеріне тарихи мән бере отырып түсіндіреді.