Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 12 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

12 Қазан
1938 1938 жылы монументші-суретші Шәкен Ниязбеков дүниеге келді
Шәкен Ниязбеков - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі
2005 2005 жылы Алтынжарда Құрманғазы Сағырбайұлы мәдени орталығы ашылды
Астрахан облысы Володар ауданы Алтынжар ауылында мемлекетаралық Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мәдени орталық ашылды.
1991 1991 жылы Қазақстан Жастар одағы құрылды
Қазақстан Жастар Одағы– қоғамдық ұйым. Жастардың мүдделерін қорғайтын дербес тәуелсіз қоғамдық бірлестік ретінде 1991 жылы 12 қазанда құрылған.
1997 1997 жылы Ұлттық ақпарат орталығы ашылды
1997 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен бекітілген білім беруді ақпараттандыру орталығы Алматыда құрылды
1910 Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Григорий Матвеевич Самойлинің туғанына 106 жыл.

12 Қазан 1938

1938 жылы монументші-суретші Шәкен Ниязбеков дүниеге келді

Тараз қаласында туған. Санкт-Петербор көркем өнеркәсіп институтын бітірген. 1963-1966 жылдары - Санкт-Петербордағы Электрлік пісіру жабдықтарының бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының суретші-конструкторы. 1966-1968 жылдары - Қазақ КСР халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің суретшісі. 1969-1982 жылдары - Алматы қаласының бас суретшісі. 1982-1987 жылдары - Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы. 1983-1984 жылдары - КСРО Суретшілер одағының хатшысы. Ол «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов», т.б. алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В.Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді. «Глобус» телевизорының көркемдік-конструкторлық сапасы үшін 1965 жылы Чехословакияда өткен халықаралық конкурста 1-ші дәрежелі сыйлық берілді. «Құрмет» орденімен марапатталған.

12 Қазан 2005

2005 жылы Алтынжарда Құрманғазы Сағырбайұлы мәдени орталығы ашылды

Астрахан облысы Володар ауданындағы Алтынжар селосында ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекетаралық мәдени орталық ашылды. Киіз үй пішіндес ғимаратта Құрманғазының мұражайы, қазіргі заманғы қонақүй және музыка бөлмесі орналасқан. Соңғысында домбыра, фортепьяно, баян және теориялық музыка сыныптары бар. Ал мұражайға 19 ғасырдағы қазақ тұрмысының жәдігерлері, Құрманғазының киімдері мен тұтынған заттары қойылған.

12 Қазан 1991

1991 жылы Қазақстан Жастар одағы құрылды

Қазақстан жастар одағының басты мақсаты жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады. Қазақстан жастар одағының негізгі міндеттері – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экол. тәрбие беру, олардың демалыс уақытын ұйымдастыру. Қазақстан Жастар Одағының құрамында 14 облыс және Алматы қалалық комитеттері, ұжымдық мүшелер ретінде: Республикалық “Антиспид” жастар қоры, “Прокъюремент” ассоциациясы, т.б. кіреді.

12 Қазан 1997

1997 жылы Ұлттық ақпарат орталығы ашылды

Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға, ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне, Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы, ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға бағытталған. Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы кең ауқымды сипат алды және білім берудің барлық саласына: кәсіптік мектептерге, коледжілерге, ЖОО-на, институттарға және кәсіптік кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарына тарады.

12 Қазан 1910

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Григорий Матвеевич Самойлинің туғанына 106 жыл.

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Григорий Матвеевич Самойлинің туғанына 106 жыл. Григорий Самойлин 1910 жылы Ресейдің Пенза қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматыда дүние салды. 1930 жылы Пенза қаласындағы театр студиясын бітірді. 1937 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы қаласындағы қазіргі Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында аянбай көп жылдар бойы қызмет қылды. Оның сомдауымен Тәнеке (М.Әуезовтің «Түнгі сарынында»), Нарымбет (Әуезов пен Л.Соболевтің «Абайында»), Долгий (Н.Погодинаның «Падь серебряная»), Глоба (К. Симановтың «Русские люди»), Митрофанов (А.Салынского «Барабанщица») т.б. сияқты әр алуан рольдерді орындады. Самойлиннің актерлік дарыны, әсіресе, өткір мінезді рольдерді орындау кезінде айқын байқалды.