Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 8 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

8 Қазан
1930 85 жыл бұрын KAZGOR жобалау академиясы құрылды
2009 2009 жылы Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.
2009 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.
85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді
Марат Құрманғалиев – 200-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы
66 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ дүниеге келді
«Балабақтың бір күні», «Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген
76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА  дүниеге келді 
Ол жасаған сахналық бейнелердің ұлттық бояуы айқын. Сонымен қатар сахнада кейіпкердің ішкі толғаныстарын, психологиялық көңіл-күйлерін терең ашуымен ерекшеленеді
88 жыл бұрын (1924) ғалым, тарих ғылымының кандидаты  Базарбек ӨСЕРБАЙҰЛЫ дүниеге келді
Қызыл Жұлдыз, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған
1998 1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды

8 Қазан 1930

85 жыл бұрын KAZGOR жобалау академиясы құрылды

8 Қазан 2009

2009 жылы Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

2009 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіш Астана қаласындағы Тәшенев көшесіндегі гүл бақтың ортасына қойылды. Тұғыр граниттен ескерткіш қоладан дайындалған. Биіктігі 4,4 метр, салмағы 5,5 тонна. Ескерткіштің құрылысына 0,0625 гектар жер бөлінген.

8 Қазан

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Бауман атындағы Мәскеу техникалық училищесін бітірген. 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒА Энергетика ғылыми-зерттеу институтының зертханашысы, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда өндірілетін көмірлерді циклондық оттықта жағу процестеріне арналған. Қуаты күшті энергетикалық қондырғылардың көміртозаңдандырғыш қазандықтарда сапасы төмен көмірлерді жағу құбылыстарын оттық модельдерде зерттеу әдістемесін өндіріске енгізді. Көмірді қайнаған қабатта, кейінірек айналмалы қайнаған қабатта жағуды зерттеген. 

М. Құрманғалиев – 200-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

8 Қазан

66 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ дүниеге келді

Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 

1973-1985 жылдары Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, кейіннен облыстық «Октябрь туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

1985-1995 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Денсаулық», «Жанашыр», «Халық Конгресі» газет, журналдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді.

1995-1998 жылдары Республикалық «Қазгидромет» агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Ұлттық Банкісінде аға референт, кеңесші, ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 

Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі конкурсының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанған. 

Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыстан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні», «Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген. «Шекара әскерінің үздігі» құрмет белгісімен және медальмен марапатталған.

8 Қазан

76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА  дүниеге келді 

Ақмола облысында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы әншілік-хор студиясын бітірген. 

1960-1995 жылдары Қызылорда облыстық драма театрында, 1995 жылдан Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында өнер көрсетеді. Ол ойнаған Қарагөз, Қарлыға, Жүзтайлақ (М.Әуезовтің «Қарагөзінде», «Қара қыпшақ Қобландыда», «Түнгі сарында»), Ақтоты (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтотысында»), Ева Броер (Қ. Мұхамеджановтың «жат елдесінде»), Ажар (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажалында»), Қамажай (Д.Исабековтің «Әпкесінде»), Әлиман мен Толғанай («Ш.Айтматовтың повесі бойынша қойылған «Ана - Жер анасында»), Шапақ (М. Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Тата Нерадова (А.П. Штейннің «Толасында»), Регана (У. Шекспирдің «Король Лирінде»), т.б. рөлдер актриса талантын танытты. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

8 Қазан

88 жыл бұрын (1924) ғалым, тарих ғылымының кандидаты  Базарбек ӨСЕРБАЙҰЛЫ дүниеге келді

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал ауылында туған. Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. 

1947-1950 жылдары - Қызылорда облыстық партия комитеті хатшысының көмекшісі, баяндамашылар тобының лекторы. 1956-1960 жылдары - Қызылорда педагогикалық институтының марксизм-ленинизм кафедрасының доценті. 1960-1963 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының кеңестік одақтар коммунистік партиясы тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1963 жылдан Қызылорда педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған. 

8 Қазан 1998

1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттік мерзімі ҚР Парламенті 1999 жылдың 10 қаңтары деп бекіткен президенттік сайлауда сайланған жаңа президенттің қызметіне кіріскенге дейін ұзартылды.