Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 7 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

7 Қазан
1993 1993 жылдың 7 қазанында Көкчетав қаласына Көкшетау жаңа атауы қойылған
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1993 жылғы 30 қазандағы қаулысымен Көкчетав қаласына Көкшетау жаңа атауы қойылған.
2005 2005 жылы орыстың белгілі түрколог ғалымы, этнограф Лев Гумилевқа музей ашылды
2005 жылы тарих және география ғылымдарының докторы, ақын Лев Гумилевқа арналған музей ашылды
1946 69 жыл бұрын (1946) Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында «Біржан – Сара» операсының премьерасы қойылды
Алғашқы қойылымдағы Біржан бейнесін Ә. Үмбетбаев сомдаса, Сараны К. Байсейітова ойнады. ХІХ ғасырда өмір сүрген Біржан сал өмірі сюжеттің негізінде алынған.

7 Қазан 1993

1993 жылдың 7 қазанында Көкчетав қаласына Көкшетау жаңа атауы қойылған

Бұл қаулы негізінде қаланың атауы орыс тілінде транскрипциялау ережелерiне сәйкес жазылған.

Бүгін Көкшетау Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орталықтарының бірі болып саналады. Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанынан кейін «Көкшетау» қаласы мен «Көкшетау» облысы деген атаулар бекітілген.


7 Қазан 2005

2005 жылы орыстың белгілі түрколог ғалымы, этнограф Лев Гумилевқа музей ашылды

Лев Николаевич Гумилев – белгілі советтік және XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей Жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман. 

7 Қазан 1946

69 жыл бұрын (1946) Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында «Біржан – Сара» операсының премьерасы қойылды

69 жыл бұрын (1946) Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында «Біржан – Сара» операсының премьерасы қойылды. Операның авторы М. Төлебаев, либреттосын Қ. Жұмалиев жазған. Алғашқы қойылымдағы Біржан бейнесін Ә. Үмбетбаев сомдаса, Сараны К. Байсейітова ойнады. 

«Біржан – Сара» – көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне XIX ғасырда өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан сал мен Сара ақынның айтысы алынған. Операға 1949 жылы ССРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.