Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 6 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

6 Қазан
1992 1992 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО семинары өз жұмыстарын бастады
Алматыда Азиялық тәуелсіз және плюралистік ақпарат құралдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі ЮНЕСКО семинары өз жұмысын бастады.
2004 2004 жылы Қарағанды облыстық мәслихаты елді-мекендердің атын өзгерту туралы шешім қабылдады.
2004- жылы Қарағанды облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасы өкіметі жанындағы Мемлекеттік онамастикалық комисиясының ұйғарымы негізінде елді-мекен атауларын өзгерту туралы шешім қабылдады.

6 Қазан 1992

1992 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО семинары өз жұмыстарын бастады

ЮНЕСКО негізгі мақсаты – бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;
  • білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;
  • заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;
  • мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;
  • арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

6 Қазан 2004

2004 жылы Қарағанды облыстық мәслихаты елді-мекендердің атын өзгерту туралы шешім қабылдады.

2004 жылы Қарағанды облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасы өкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комисиясының ұйғарымы негізінде, Осакаровскі, Жаңаарқа және Шет аудандарындағы бір неше елді-мекен атауларын қайта өзгерту туралы  шешім қабылдады. Октябрь ауылын – Қарағайлы, Литвиновка және Красноармейский ауылдық аймағын – Есіл,  Скобелевский ауылдық аймағын – Сұңқар, Вольский ауылдық аймағын – Сарыөзек, Пролетарский ауылдық аймағын – Ақбұлақ деп өзгертті. Жаңарқа ауданы Аппаз және Аппаз ауылдық аймағына - Мұқажан Жұмажанов атын, Шет ауданы Жарық темір жол бекетіне – Сәкен Сейфуллин атын берді.