Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 26 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

26 Қыркүйек
2011 2011 жылы Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған XIX республикалық театр фестивалі өтті
Алматыда Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының алдындағы алаңда ХІХ Республикалық театрлар фестивалінің ашылу өтті
1962 52 жыл бұрын ҚазССР энергетика және электрлендіру Министрлігі болып құрылған.

26 Қыркүйек 2011

2011 жылы Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған XIX республикалық театр фестивалі өтті

ҚР Мәдениет министрлігі мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ашылған театр фестиваліне республикалық және облыстық театрлар әртістері мен театр майталмандары, зиялы қауым өкілдері, Алматы тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.

Театр өнерінің мерекесі Ғабит Мүсіреповтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен және фестиваль қатысушыларының қызыл кілеммен жүріп өтуімен басталды.

Ашылу салтанатында Мәдениет комитетінің төрағасы Ілияс Қозыбаев ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің фестиваль қатысушыларына жолдаған құттықтауын оқып берді.

Биыл фестивальге алдын ала іріктеуден өткен облыстық және республикалық жеті театр қатысатын болады.  Олар фестиваль барысында жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктерін және Тәуелсіздіктің тарихи маңызын көрсететін, соңғы екі-үш  театрлық маусымда сахналанған ең үздік қойылымдарды көрермендер назарына ұсынады.  Фестиваль қойылымдарының көпшілігі Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында көрсетілетін болады. 

Әділқазылар алқасының төрағасы Есмұхан Обаевтің айтуынша, жеңімпаздар 10 аталым бойынша:  «Ең үздік спектакль», «Ең үздік режиссерлік шешім», «Ең үздік драматургиялық шығарма», «Қазақ драматургиясын табысты меңгергені үшін», «Ең үздік әйел адам бейнесі», «Ең үздік ер адам бейнесі», «Ең үздік екінші пландағы әйел бейнесі», «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі», «Көрермендер көзайымы» және «Үміт» аталымдары бойынша анықталатын болады.

Театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымымен аяқталды. 


26 Қыркүйек 1962

52 жыл бұрын ҚазССР энергетика және электрлендіру Министрлігі болып құрылған.

1962 жылы ҚазССР энергетика және электрлендіру Министрлігі болып құрылған.

Қазақстан Республикасының Н.Ә. Назарбаев Президентінің 1992 жылғы 7 ақпанындағы бұйрығымен энергетика және электрлендіру  Министрлігі  таратып жіберілген. Оның негізінде энергетика және отын ресурстары Министрлігі болып құрылған.