Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 5 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

5 Қыркүйек
2010 Қазақтың аса көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің туған күні
Қазақ аса көрнекті ақыны, Ұлы Отан соғысының жауынгеры, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, "Мен – Қазақпын" поэмасының авторы.
1933 82 жыл бұрын Алматы қаласында Михаил Лермонтов атындағы Республикалық драма театры ашылды
2015 2015 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, атбегі, ғалым, шежіреші Бошай Кітапбаев өмірден өтті
Атақты атбегі, шежіреші, қадірлі қария Бошай Кітапбаев 93 жасында дүние салды

5 Қыркүйек 2010

Қазақтың аса көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің туған күні

Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Совет Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.

Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет іетеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.

Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII-ХӀӀӀ съездерде). Ж. Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.

5 Қыркүйек 1933

82 жыл бұрын Алматы қаласында Михаил Лермонтов атындағы Республикалық драма театры ашылды

82 жыл бұрын Алматы қаласында Михаил Лермонтов атындағы Республикалық драма театры ашылды. Бұл ~ Қазақстандағы байырғы, ең үлкен театрлардың бірі. Театр ұжымы алғаш Семейде ұйымдастырылып, кейін Алматыға ауыстырылған. Бұл өнер ордасының ашылуына белгілі режиссер, актер Жұмат Шанин зор еңбек сіңірген. Сахна пердесін тұңғыш рет К. Треневтің «Любовь Яровая» пьесасымен ашты. 1964 жылы орыс ақыны М. Лермонтовтың 150 жылдық мерейтойына орай театрға оның есімі берілді. Театр труппасы 1974 жылы Мәскеуге гастрольге барып, үлкен жетістікпен оралған соң, академиялық театр атағын алды.


5 Қыркүйек 2015

2015 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, атбегі, ғалым, шежіреші Бошай Кітапбаев өмірден өтті

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Жаңаүлгі ауылында 1923 жылы дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1944 жылы Беларусьтың Витебск қаласы үшін болған соғыста жараланып, бір аяғынан айырылып әскерге жарамсыздығынан елге оралады. 1945 жылдың сәуір айында Катонқарағай аудандық атқару комитетінің хатшысы қызметіне орналасады. 1950 жылы Зайсан ауданының атқару комитетінің төрағасы қызыметіне ауысады. 1955 жылы Үлкеннарын ауданының Ленин атындағы ұжымшарының төрағасы болып сайланады. Еңбек ете жүріп, ғылыми жұмыспен де қатар айналысады.