Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 23 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

23 Тамыз

23 Тамыз 1916

Билеушілерді, байларды және дінбасыларды әскерге алудан босату туралы бұйрық шықты

1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы А.Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан босатылды. Олар: болыстық, селолық және аулдық билеушілер; жергілікті (бұратана) халықтың төменгі полицияда істеп жүрген шенділері; имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер; мекемелерде ұсақ несие мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер; мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген, дворян және құрметті азаматтар әулетінің құқығына ие бұратана халықтың өкілдері; сонымен қатар осындай құқықтардың жеке иегерлері. Түрлі тактикалық тәсілдермен патша өкіметі майдан жұмыстарына жұмылдыруды жүргізуге көмектескен бұратана халықтың әкімшілігін, байлар мен мұсылман дінбасылардың бір бөлігін жалпыұлттық қозғалыстан бөліп әкете алды. Көбінесе олардың балалары жұмылдыру жұмыстарынан босатылатын, бұл кедейлердің ашу-ызасын келтіретін.

23 Тамыз 1992

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Әзірбайжан және Армения президенттерімен келіссөздер өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Абульфаз Эльчибеймен және Армения Республикасының Президенті Левон Тер-Петросянмен телефон арқылы келіссөздер жүргізді. Басты сұрақ – Таулы Қарабахқа қатысты жанжалды реттеу мәселесі болды. Тараптарға 1992 жылғы 1 қыруүйектен бастап әскери іс-қимылдарды тоқтату ұсынылды.