Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 22 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

22 Тамыз
1832 1832 жылы Ақмола сыртқы округі (дуан) туралы Ақмола жарлығы құрылды
Қазақ даласында Ақмола сырткы округінің ашылуына подполковник Ф.И. Шубиннің басшылығындағы экспедицияның жасаған үлкен дайындық жұмысы негіз болды
1909 106 жыл бұрын Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.

22 Тамыз 1832

1832 жылы Ақмола сыртқы округі (дуан) туралы Ақмола жарлығы құрылды

Бұл миссияның қызметі екі бағытта жүргізілді. Біріншіден, округтік приказдың құрылысы үшін орын таңдау, екіншіден, патшалық отарлаушы әкімшіліпнің жағына сұлтан мен билер секілді феодалдық ақсүйектерді тартып, оларды орыс тағына адалдыққа ант беруге көндіру болатын. Осы мақсатпен түрлі аудандарға бес экспедиция жіберілді. Стратегиялық тұрғыдан Есіл өңірі ең тиімді аудан деп табылды. 

Есіл өңіріне жеткеннен кейін, подполковник Шубин қосымша тағы да үш отряд жібереді. Олардың арасында «Ақмола» шатқалына жақын жерден қолайлы орын тауып, жолы болған жүзбасы Чириков болды. Оның үстіне шатқалдың бір артықшылығы Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті Орта Азиядан кіре тартқандар өтетін атақты «Қараөткел» тап іргесінде еді. Сондай-ақ, бекіністің бұл жерде салынуына – өзеннің жақындығы, шөбінің шүйгіндігі, сонымен қатар қысқы суықта отқа жағатын қара ағаштың мол болуы да себеп болды.

22 Тамыз 1909

106 жыл бұрын Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.

Қазақ халқының рухани өмірінде дәл сол, 1909 жылы Санкт-Петербургте Кәкітай бастырып шығарған Абай өлеңдерінің жинағы, Крылов шығармаларынан аударылып басылған А. Байтұрсыновтың «Қырық мысалымен» қатар, Міржақыптың «Оян, қазағының» да маңызы ерекше болды. Сондықтан алдыңғы екеуі сияқты «Оян, қазақ» та қолдан қолға, ауыздан ауызға тарап, шамалы уақыт ішінде ақынның атақ-даңқын алты Алашқа әйгілі етті.