Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 17 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

17 Тамыз

17 Тамыз 1920

Совет Одағының Батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың туған күні (1922-1945)

Жолдыбай Нұрлыбаев (1922, Мақтаарал ауданы – 20.2.1945) – соғыс ардагері. Совет Одағының Батыры (24.3.1945). Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылды. 5-Армияға қарасты 507-танкіге қарсы армиялық истребитель артиллериясының Кишинев полкі құрамында батарея командирі болып, Сталинград, Оңтүстік, 3 және 4-Украин, 1-Белорус майдандарында ұрысқа қатысты. Лукац-Крейц қаласының іргесінде болған кескілескен шайқаста капитан Жолдыбай Нұрлыбаев асқан ерлікпен қаза тапты. Ленин, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Мақтаарал ауданында оған ескерткіш қойылған.

17 Тамыз

15 жыл бұрын Алматыдағы Орталық концерт залына композитор Шәмші Қалдаяқовтың (1930-1992) есімі берілді.

2000 жылы 17 тамызда Алматыдағы Орталық концерт залына композитор, Қазақстанның халық әртісі, өз заманындағы және қазіргі кездегі ең таңдаулы әндердің авторы Шәмші Қалдаяқовтың (1930-1992) есімі берілді.