Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 8 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

8 Тамыз

8 Тамыз 1998

16 жыл бұрын Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің бас алаңында Шоқан Уәлихановтың мүсіні салтанаты жағдайда ашылды.

8 Тамыз 1894

120 жыл бұрын тарихшы, Қазақстан, Орта Азия және Башқұртстан тарихының маманы Чулошников Александр дүниеге келді.

«Басқа да түркі тайпаларымен тағдыры бір қазақ-қырғыз тарихы жөніндегі очерктер» атты үлкен монографиялық еңбек жазды. Онда қазақтардың 18 ғасырға дейінгі тарихы, шежіресі, феодалдық меншіктің дамуы, қазақтардың Пугачев көтерілісіне қатысуы, 1916 жылғы көтеріліс туралы толық жазылған. Шығарма кезінде әділ бағасын алды және әлі де өз құндылығын жойған жоқ. А.Чулошников «Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар. 1758-1828 жж.» құжаттар жинағының кеңесшісі болды.