Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 30 Шілде

Оқиғалар күнтізбесі

30 Шілде
1954 61 жыл бұрын Қытайда Іле қазақ автономиялық ауданы құрылды.
Іле Қазақ автономиялық облысы-Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі.
1929 84 жыл бұрын т.ғ.д., Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Әуезова Ләйлә Мұхтарқызы дүниеге келді.
Ташкент қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін, КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 1993 жылы қайтыс болды.

30 Шілде 1954

61 жыл бұрын Қытайда Іле қазақ автономиялық ауданы құрылды.

Облыс орталығы — Құлжа (қытай транскрипциясында — Инин) қаласы бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады. Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялы облыс.


Іле Қазақ автономиялық облысы Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, Моңғолияның Баян-Өлгей Қобда аймақтарымен, (Алтай тау жүйесінің орталық биік таулы бөлігі арқылы Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен және Қырғызстанмен шекараласады.

Шекара кеден бекеттері

Іле Қазақ автономиялық облысы 8 кеден бекеті қызмет атқарады;

Іле Қазақ автономиялық облысы Алтай аймағы (орталығы Алтай қаласы) , Іле аймағы, Тарбағатай аймағы орталығы (Чугучак қаз. Шәуешек қаласы) сынды үш аймақтан құралады. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан округтеріне қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімшіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982-жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАА юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу — ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) губернатор басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбасы» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан.

30 Шілде 1929

84 жыл бұрын т.ғ.д., Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Әуезова Ләйлә Мұхтарқызы дүниеге келді.

1956-1962 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері болған. 1963 жылдан М.Әуезов әдеби-мемориалдық  мұражайының, «Әуезов үйі» мұражайының директоры қызметтерін атқарды.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан тарихына, Қазақстанда жер шаруашылығының дамуына, М.Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелеріне арналған.