Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 29 Шілде

Оқиғалар күнтізбесі

29 Шілде
1936 80 жыл бұрын (1936) Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды
Орталығы - Қостанай қаласы. Бүгінгі таңда облыс құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен бар.
2000 16 жыл бұрын (2000) Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды.
Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді.

29 Шілде 1936

80 жыл бұрын (1936) Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды

80 жыл бұрын Қостанай облысының негізі қаланған. Әкімшілік орталығы — Қостанай қаласы. Жер аумағы — 196 мың км. Облыс Қазақстан Республикасының төрт облысымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябинск, Қорған) шектеседі.

29 Шілде 2000

16 жыл бұрын (2000) Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды.

45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.