Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 17 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

17 Мамыр
1936 1936 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі 1-ші онкүндігі болып өтті.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің1-ші онкүндігі 1936 ж. 17–27 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтті. Онкүндік қазақәдебиеті мен өнерін әлемдік деңгейге көтерді.

17 Мамыр 1936

1936 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі 1-ші онкүндігі болып өтті.

Мәскеу сахнасында «ҚызЖібек» пен «Жалбыр» опералары қойылды. ҚазЦИК атындағы(1944 жыдцан бастап Құрманғазы атындағы) ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен халық әндері мен билері, күйлер орындалды. Қазақ жазушыларыныңәңгіме, өлеңдері, пьесалары орыс тіліне аударылды. Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі ықшамдалып, «Я, казахскую песню пою» деген атпен «Известия» газетінің 1936 жылғы 23 мамыр күнгі санында Вс. Ивановтың аударуымен жарияланды.

Онкүндікке Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, Ғ. Қалмағанбетүлы, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев қатысты. Әуезов «Қазақтыңхалық музыкасы мен театры» («Қазақ әдебиеті», 1936, 5 мамыр), «Ең дана заңды, ең жас мемлекет» («Социалды Қазақстан», 1936, 18 маусым), «Культура возрожденной страны» («Советское искусство», 1936, 11мамыр), «Казахская музыка» («Известия», 1936, 21мамыр) атты мақалаларында онкүндіктің маңызы мен оныңөту-деңгейіне, ұйымдастырылу барысына жоғары баға берді. 

Қазақ әдебиетінің Мәскеудегі 2-онкүндігі 1949ж. 10–19 мамырда етті. Осы мәдени шараға орай С. Мұқановтың «Ботагөз»,  Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» , Ғ. Мұстафиннің «Шығана»  романдары орыс тіліне аударылды. Ал Әуезовтің «Абай»  романының 1-2-ші кітабы Л. Соболевтің аударуымен «Советский писатель» және «Молодая гвардия» баспаларынан бір жылда қатар жарық көрді.

 Ұлы жазушы КСРО Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде және Мәскеу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған әдеби кештерде сөз сөйледі. «Игілікті сапар» («Қазақ әдебиеті», 1949, 10 мамыр), «Онкүндіктен кейін» («Театр», 1949, № 7), «Ең зор бақыт» («Литературная газета», 1949, 24 желтоқсан) атты мақалаларында Әуезовөзінің осы әдеби онкүндіктен алғанәсері мен түйген пікірлерін жазды. 

«Культура и жизнь» газетінде (1949ж. 31мамыр) жарияланған «Тамаша туынды» атты мақалада Әуезовтің «Абай» романына аса жоғары баға берілді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі 3-онкүндігі 1958ж. 12–21 желтоқсан күндері өтті. Бұл онкүндік— қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік деңгейде көтерілгендігін дәлелдейді. 

Оған Қазақстанның жетекші өнер шаңырақтары мен мәдениет, ғылым қайраткерлері қатысты. Мәскеу қаласының әртүрлі театрларының сахнасында, Абай атындағы академиялық опера және балет театры М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (либреттосы Қ. Жүмалиевтікі), А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (либреттосы М. Әуезовтікі), Б. В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», қазақ драма театры Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мусіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» («Ақын трагедиясы» деген атпен), Ә. Төжібаевтің «Жалғыз, ағашорман емес», орыс драма театры— Н. Ановтың «Мұрагерлер», Окулевичтің «Джордано Бруно», А. Николаеваның «Жолдағы шайқас» спектакльдерін көрсетті. 

Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Л. Соболевтің жетекшілігімен Мәскеу мемлекеттік әдебиет баспасынан жарық көрді. Бұл басылымға1959ж. Лениндік сыйлық берілді. Жазушы Мәскеу мемлекеттік университетінде, М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында, кітапханалар мен зауыт-фабрикаларда өткен кездесулерде сөз сөйледі. Онкүндік туралы «Үзілмес достық өреніміз» («Социалистік Қазақстан», 1958ж. 12 желтоқсан), «Шабыт шалқары» («Литературная газета», 1959 ж. 23 желтоқсан),«Гүлденген бақта» («Правда», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Отан, халық, партия» («Знамя», 1959 ж. № 1), «Шығарма шаттығы» («Советский союз», 1959, N9 1) атты мақалалар жарияланды. 

Әуезов 1936 және1958 жылғы әдебиет пен өнердің Мәскеуде өткен онкүндіктерін салыстыра келіп: «Бұл оқиға біздің халқымыз, біздің мөдениетіміз өзінің алтын ғасырын басынан кешіріп отыр деп айтуға толық мүмкіндік береді» деп жоғары бағалады.