Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 15 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

15 Мамыр
1992 1992 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды
Ташкентте 1992 жылы ТМД елдері басшыларының кездесу нәтижелері бойынша Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан арасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды.
1989 25 жыл бұрын Алматыда Шоқан Уәлихановтың мүсіні ашылды
1922 Ұлы Отан соғысындағы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туылған күні
Бүгін‬ 1922 жылы Ұлы Отан соғысындағы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың дүниеге келген күні.

15 Мамыр 1992

1992 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды

1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан – алты ТМД елдерінің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне қол қойды. Нәтижесінде Келісімге Әзірбайжан, Грузия, Белоруссия қосылды. 1994 жылы 20 сәуірде келесі ұзартулармен бес жыл мерзім күшіне енді және 1995 жылы 1 қарашада БҰҰ-да тіркелінді. Кеңес Одағының құлауымен бұрынғы кеңес республикалары Кеңес Әскер сияқты мықты ішкі саяси механизмнен айырылды. Әдетті түсінікте маңызды қауіп болмағанына қарамастан, елдер өз қауіпсіздігі үшін мазасызданды.  Бұрынғы КСРО кеңістігінде пайда болған көптеген аймақ шиеленістері осыған негіз болды. Сондықтан ТМД елдерінің қатары жеке қауіпсіздіктің жалпы күшімен қамтамасыз ету мақсатында бірігуге шешім қабылдады. Сонымен қатар кейбір зерттеушілер келісімге қол қойған елдерге ешқандай қауіп төнбегенін дәлелдейді.

15 Мамыр 1989

25 жыл бұрын Алматыда Шоқан Уәлихановтың мүсіні ашылды

1989 жылы Алматыда ұлы ғалым, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Ш.Уәлихановтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторлары - мүсінші Хакімжан Наурызбаев пен сәулетші Шота Уәлиханов.

15 Мамыр 1922

Ұлы Отан соғысындағы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туылған күні

Хиуаз Доспанова 1922 жылы Атырау облысында дүниеге келді. Ақылды әрі білімді қыз соғыс басталатынына 1 жыл қалғанда, орта мектепті алтын медальмен бітіреді. КСРО ұшқыш-батырларының ерлігіне тәнті болып, бала жасынан ұшқыш болуды армандаған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде жергілікті аэроклубты бітіріп, запастағы пилот куәлігін қоса алды. Хиуаз Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына құжат тапсырғанымен, жолы болмады. Академияға ер адамдар ғана қабылданған еді. Қыз Медицина институтына оқуға түседі. Бірінші курс бітірген соң, 1941жылдың жазында соғыс басталды. 

Айлакер ұшқыш әйелдерді немістер «Nachthexen» («Түнгі мыстандар») деп атаған. 

Қызыл жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерін, «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарын иеленді... 2004 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Хиуаз Доспановаға республикамыздағы ең жоғарғы марапат — «Халық Қаһарманы» Алтын Жұлдызы берілді. 

2008 жылы ержүрек ұшқыш әйел дүниеден өтті, бірақ оның есімі халық жүрегінде мәңгі қалары сөзсіз.