Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 30 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

30 Сәуір
1918 Бүгін РСФСР құрамында Түркістан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылды.
1945 70 жыл бұрын Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа Жеңіс туын тікті
150-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік іс журналына сәйкес Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов 30-сәуір күні сағат 15-00 шамасында халық туын тікті.

30 Сәуір 1918

Бүгін РСФСР құрамында Түркістан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылды.

Ресей империясының отарлаушылық бұғауында болып келген халықтар кеңестік революцияға ұлттық мемлекеттік құру мәселесін шешеді деп сеніп, оған қатысты. Жергілікті жерде Кеңестік негізде құрылған автономия экономикалық, саяси және мәдени дамудың әр түрлі деңгейінде тұрған Ресей халықтары үшін ұлттық мемлекеттіліктің тиімді формасы еді. Осы тұжырымдарға сәйкес 1918 жылы 30 сәуірде Орта Азияда алғашқы кеңестік мемлекет-Түркістан АКСР құрылып ол РКФСР құрамына енді.

ТССР құрамына Түркістан облысы, Каспий бойы аймағы, Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу аймақтары кірді.

Сьезд шақырылып, Орталық атқару комитетінің Төрағалығына П.А.Кобозев, А.Ф.Солькин сайланды. Халықтар Кеңесі төрағасы Ф.И.Колесов болды.

1918 жылы мамыр айында Түркістан әскери округы құрылды.

30 Сәуір 1945

70 жыл бұрын Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа Жеңіс туын тікті

Біздің батальон 1945 жылғы 30 сәуір күні таңертең герман фашизмі ішкі істер министрлігінің үйіне (Гиммлердің үйіне) шабуыл жасады.  Біз енді Рейхстагқа шамасы екі жүз метрдей жерде жатырмыз. Оның айналасы кірпішпен өрнектелген екен. Терезесін, әйнегін де ап-анық көріп жатырмыз. Біздің сол қанатымыздағы немістер огне­мет­терден, фауст патрондардан төпелеп ата бастады. Немістердің улап-шулаған дауыс­тары да естіліп жатты бізге. Бір жерге бой тасалап, жасырына тұру керек болды. Каналдың іргесін қазып, қуыс шұңқыр жасап алып, бас сауғалай тұрдық. Қыбыр етпестен тым-тырыс отырғанымызға да 20-30 минуттай өтті. Осы кезде Қызыл жалауды жазып жібердім де, оның бұрышына сия қарындашпен біздің полктің 674-ші нөмірін және «Лейтенант Қошқарбаев, қатардағы жауынгер Булатов» деп аты-жөнімізді жаздым...».

Жасаған ерлігі үшін лейтенант Қошқарбаев және қызыл әскер Булатов Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ Қызыл ту ордені берілді. 

Рақымжан Қошқарбаев  (1924-1988) Ақмола облысының Астанаға маңындағы Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол 1942 жылы әскер қатарына 18 жасында алынды. 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.

1944 ж. қазан айынан бастап 1-Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.

1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды.

«Қызыл ту», «1 дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен марапатталды.

2001 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді

Григорий Петрович Булатов (1925-1973) – Қызыл Әскердің қатардағы-барлаушы. Свердлов облысының Черкасов ауылында жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рақымжан Қошқарбаевпен бірге  Рейхстагқа туды бірінші болып орнатты. «Қызыл Ту» және  т.б.  медальдарымен марапатталды.