Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 15 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

15 Сәуір

15 Сәуір 1925

90 жыл бұрын қазақтарға «қазақ» деген тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданды

1925 жылы 15 сәуірде Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысы бойынша Қызылордада болған ҚКСР Қырғыз (Қазақ) Кеңестерінің V съезінде қазақтарға «қазақ» деген тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданды. Барлық ресми құжаттарда «Қырғыз КСР» орнына «Қазақ КСР» деп жазыла бастады.

«Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйлеген. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі - қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені.

15 Сәуір 2008

«Шоқан Уәлиханов» атындағы қазақстандық яхта Атлант мұхитын шарлап өтті

Яхта командасы үш апта ішінде Атлант мұхиты арқылы жер шарын шарлап шықты. Қазақстандықтар мұхитты арқылы өтуді 2008 жылғы наурыздың 25-інде Канар аралдарынан бастады. Орталық Азия Жағрафия қоғамының кеңсесіне сәуірдің 15-інде қазақстандық кеме Барбадос жағалауына келгенде жорықтың аяқталғаны туралы хабарлама келді. Экипаждың барлық төрт адамы да ІІІ дәрежелі Полярлы жұлдыз сыйлығына ұсынылды.

15 Сәуір 2006

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 2005 жылғы «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығына ие болды

8 жыл бұрын бұрын (2006) Түркия Республикасының беделді азаматтық ұйымдарының бірі Түркия жазушылар және өнер қайраткерлер қоғамы (ТҮРКСАВ) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 2005 жылғы «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығымен марапаттады