Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 4 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

4 Сәуір

4 Сәуір 2006

9 жыл бұрын Мәскеу қаласында Абай Құнанбаев құрметіне ескерткіш ашылды

9 жыл бұрын Мәскеудегі Чистопрудный бульварында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Абай ескерткіші ашылды. Абай ескерткіші Қазақстан халқының Мәскеу қаласына жасаған сыйлығы, жалпы құны 160 млн. 800 мың теңгені құрайды. Ескерткіш жобасын қазақстандық мүсінші М.Әйнеков пен дизайнер Т.Сүлейменов басшылық жасаған авторлық топ жасаған.

4 Сәуір 1984

1984 ж. Н.Ә. Назарбаевты Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне Тағайындау болып өтті

Елбасымыз тәуелсіз елімізге 1991 жылдың желтоқсан айынан, яғни тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау кезеңінен бастап сайланды.  Ал осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевты 1990 жылдың сәуір айында Жоғарғы кеңес депуттары Қазақ КСР президенті етіп сайлады. 1989 жылдан 1990 жылдың сәуіріне дейін ол Қазақ КСР Компартия ОК алғашқы хатшысы, ал 1984-1989 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.