Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 23 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

23 Наурыз
2006 2006 жылы Қазақстанда А.С.Пушкин жылы болып жарияланды
8 жыл бұрын Қазақстанда А.С.Пушкин жылы болып белгіленді.

23 Наурыз 2006

2006 жылы Қазақстанда А.С.Пушкин жылы болып жарияланды

Ресей Президенті В.В.Путин Қазақстанға ресми түрде келген сапарында, ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың ұлықтау рәсіміне орайластырған кездесуде екі елдің басшылары осы жылдың қаңтар айында 2006 жылды Ресейде Абай жылы және Қазақстанда Пушкин жылын жариялаудың бірлескен шешімі туралы жариялады. Абай мен Пушкин жылын ресми түрде ашу туралы сәуір айында РФ-на Н.А.Назарбаевтың  ресми түрде келген уақытында жарияланды. Осы іс-шара екі туысқандық халықтардың болашақтағы тығыз мәдени жақындасуына мүмкіндік беретіні туралы Мәскеудегі Чистые Пруды гүлзарында Абай ескерткішін ашуына орайластырылған салтанатты рәсімінде екі елдің президенттері айтқан болатын.

Абай және Пушкин жылына арналған іс-шара екі туысқандық мемлекетте мейлінше кең атап өтілді. Нұрсұлтан Әбішұлының ресми түрде келуі 24 наурызда Наурызды мерекелеуіне орайластырған мәскеулік алаңда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері ұйымдастырылған көрмесімен алды алынған. Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшісі Жансейіт Түймебаевтің белсенді қатысуымен ұйымдастырылған салтанатты шара барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресейдің беделді жоғары оқу орындарында білім алған үздік қазақстандық студенттердің марапаттауы өткізілді. Осы оқиға жас мемлекеттік қауымның кадрларын дайындауға тәуелсіз Қазақстанның жетекшілігімен үлкен көңіл бөлуін көрсетуге шақырды.  

Сонымен бірге 23 наурызда Омбы қаласында облыстық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы мен барлық қазақ ағартушылық одақтармен ұйымдастырылған қазақ мәдениетінің Күндері ашылды. Абай және Пушкин жылына қатысты екі елдің әр түрлі аймақтарында өтетін іс-шаралар кезеңінде бұл алғашқы акция ғана болды. Қазақстанда РФ елшілігі, Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы, Семей әкімдігі және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қолдауымен дәстүр бойынша ұйымдастырылған орыс өнердің 4-ші Халықаралық фестивалі сәуір айында Абай отаны, Семей қаласында өтті.  58 шығармашылық топ үш күн бойы өз өнерін көрсетті. Ресей мен Қазақстанның 21 қаласынан 1300 адам осы іс-шараға қатысу үшін келді.  Семейде мамыр айының соңында Ф.М.Достоевский мұражайында академиялық көрме ашылды, сол көрмеде халқымыздың екі ұлы ақындарымыздың өмірі мен шығармашылығына арналған бірегей материалдар ұсынылды. Көрмені көрсеткен уақытта «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған ақындардың айтысы басталды.