Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 20 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

20 Наурыз
1961 54 жыл бұрын Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілген болатын
54 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ақмола қаласының атауы (1830 жылдан 1961 жылға дейін) Целиноград (1961 жылдан 1992 жылға дейін) болып өзгертілді.
1869 Бүгін этнограф, музыка зерттеушісі Александр Викторович Затаевичтың туған күні
146 жыл бұрын композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевич дүниеге келген.
Бүгін ақын Тұманбай Молдағалиевтың туылған күні
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы наурыз айының 20 жұлдызында Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басыл
1915 Бүгін Жұмабек Ташеневтың туғанына - 100 жыл
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты Тәшенев Жұмабек Ахметұлының туылған күні
1992 23 жыл бұрын Қазақстан өзінің пошта маркаларын шығара бастады
1992 жылы 20 наурызда бірінші қазақстандық пошта маркасы шығарылды.

20 Наурыз 1961

54 жыл бұрын Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілген болатын

Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың және Ақмола қаласы жұртшылығының ұсынысымен ҚР Президентінің Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ономастикалық комиссиясы 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласын Астана деп атау туралы шешім шығарды.

20 Наурыз 1869

Бүгін этнограф, музыка зерттеушісі Александр Викторович Затаевичтың туған күні

Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі — композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевич. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атулымен, болмаса, жаяу жалпы шаралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген. А. В. Затаевич бұрынғы Волхов, қазіргі Орлов облысында 1869 жылы өмірге келген.

Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орлов қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан. 

Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 20-шы жылдарыдың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А.Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, сьезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен-де жазады. 

Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді. Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А. В. Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 жылдың аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А.Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді. Оның 1925 жылы Москвада «Қазақ халқының 100 әні», және 1933 жылы «Қазақтың 500 әнімен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты. А. В. Затевич 1926 жылы біздің өлкеге, дәлірек айтсақ, Қарқаралы уезіне келеді. Мұнда ол әншілер мен күйшілерден 200-ге жуық ән-күй жазып алады. 

А. В. Затевич 1926 жылы Қарқаралы уезіне келеді. Мұнда оләншілер мен күйшілерден 200-ге жуық ән-күйжазып алады. А.Затаевичтың арқасында тамшы дасирек кездесетін Қарқаралы әуендері халқына жетті. Композитор Қарқаралы тұрғындары, әншілер: МұсылманұлыӘбсалықовтан, Ұ.Айтбаевтан, Ғ.Байжановтан, М.Шамсутдиноваданәнжазып алады.

Қарқаралыда А.Затаевич почта қызметкері В. В. Ситниковтың үйінде тұрған. А.Затаевичке өздері білген ән-күйлерін жаздырғанадамдардың бірі Абзалбек Медеубаев. Оның алты әні этнографтың кітабына енген.



20 Наурыз

Бүгін ақын Тұманбай Молдағалиевтың туылған күні

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы. 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды 1959–1970 жылдар аралығында «Пионер» журналында қызмет атқарады. 1970–1973 жылдар аралығында «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен «Жалын» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т. Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі «Украина қызына» жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Т. Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. «Кәмила», 1961 ж. «Көктем таңы» , 1963 ж. «Алатау қызы», 1964 ж. «Ферюза туралы жыр», 1965 ж. «Зулайды күндер», 1966 «Жүрегім менің сапарда» және т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген «Жаңа дәптер» атты кітабы үшін 1968 жылы «Қазақстан комсомолы» сыйлығының лауреаты атанды. «Ескерткіш» (1969 ж.), «Шақырады жаз мені» (1970 ж.), «Жүрек ояу қашанда» (1972 ж.) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның «Қош, көктем» атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971 ж.), «Хаттар» атты поэмалар жинағы (1974 ж.) жарық көрді. Т. Молдағалиевтің орыс тілінде «Я — сын Семиречья» (1962 ж.), «Первая встреча» (1968 ж.), «Новая тетрадь» (1969 ж.) атты өлеңдер жинақтары шықты. Т. Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның «Құстар қайтып барады» (музыкасы Н. Тілендиевтікі), «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), «Ертіс вальсі» (музыкасы Жамақаевтікі), «Шақырады көктем» (муз. Ә. Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол Байрон, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Туманян, С. Канутикян, Ғ. Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі, ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі — оның өлеңдері сезімге толы.

20 Наурыз 1915

Бүгін Жұмабек Ташеневтың туғанына - 100 жыл

Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (20.3.1915, Ақмола облысы Аршалы аудан Бабатай ауылы — 18.11.1986, Шымкент қаласы) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. 1934–1939 жылдары Бейнетқор аудан атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі, 1939 — 1943 жылдары, Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944 — 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947 — 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 — 1952) болды. 1952 — 1955 жылдары, Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1955 -19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 — 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1961 — 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.(Википедия ашық энциклопедиясынан алынды).

20 Наурыз 1992

23 жыл бұрын Қазақстан өзінің пошта маркаларын шығара бастады

Ең бірінші марка – «Алтын Сарбаз – Золотой воин» деп аталды (нәтижесінде – республиканың тәуелсіздік символына айналды). Осы уақыттан бастап, қазақстандық маркалар әлемнің пошта тізімдемесі мен марка жинаушылардың топтамалары арасында өзіндік орынға ие болды.