Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 11 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

11 Наурыз
1801 11 наурызда Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылды
1801 жылы 11 наурызда І Павелдің жарлығымен Волга және Орал өзендерінің арасында Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылды.

11 Наурыз 1801

11 наурызда Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылды

1801 жылы 11 наурызда І Павелдің жарлығымен Волга және Орал өзендерінің арасында 1801-1876 жылдар аралығында өмір сүрген Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылды. Патша үкіметі бұл қадамға Кіші жүз руларының патшалық отарлау саясатына қарсы наразылығы күшейіп кеткен соң барды. Сол жылы Бөкей сұлтан ұлы Нұралымен бірге өзіне қарасты 5 мың түтін елімен Жайықтың ішкі бетіне көшіп барды. Отарлық саясаттың күшеюі, сонымен қатар хандық саясаттың жойылуына байланысты Бөкей ордасына қарасты Кіші және Орта жүз руларында отарлық саясатқа қарсы көтеріліс болды. Көтеріліс себебіне: жер дағдарысы, салықтық езгі, патша шенеуніктерінің озбырлығы, Жәңгір хан мен оның туыстарының қысым көрсетуі жатты. 1836 жылдың ақпан айында беріш руының старшинасы, батыр Исатай Тайманов бастаған көтеріліс басталды. Ақын әрі руласы Махамбет Өтемісұлы оның серігі болды. Көтеріліс 1838 жылы басып-жанышталды. 1876 жылдан бастап Бөкей ордасы Астрахан облысының құрамына еніп, Уақытша губернатор кеңесі мен губернатор билігіне бағынышты болды.