Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 6 Ақпан

Оқиғалар күнтізбесі

6 Ақпан
1934 84 жыл бұрын қазіргі Қарағанды қаласының іргесі қаланды
Тұрғындар санының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды
1920 98 жыл бұрын Түркістан революциялық әскери советінің жеке қазақ әскери бригадасы құрылды
1997
1943 75 жыл бұрын «Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хаты» жарияланды
Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хатына екі жарым миллионнан астам қол қойылды

6 Ақпан 1934

84 жыл бұрын қазіргі Қарағанды қаласының іргесі қаланды

Жерінде қараған бұтасы көп өсетіндіктен қала Қарағанды деп аталған. 1833 жылы Аппақ Байжанов осы жерден тас көмір тауып, Қарағанды өңірін Өтепов деген бай орыстың кен кәсіпкері Н. Ушаковқа 250 сомға сатып жіберді. Бүгінгі таңда Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Қалада ҚР ҰҒА-ның Орталық Қазақстан бөлімшесі орналасқан. Сондай-ақ бірнеше жоғары оқу орындары, кәсіптік-техникалық мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармония, цирк, стадион және екі саябақ бар.

6 Ақпан 1920

98 жыл бұрын Түркістан революциялық әскери советінің жеке қазақ әскери бригадасы құрылды

6 Ақпан 1997

6 Ақпан 1943

75 жыл бұрын «Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хаты» жарияланды

ССРО-ның орталық газеті «Правда» тәрбиелік мәні зор ұжымдық «Қазақ халқының қазақ майдангерлеріне арналған хатын» (1943 жылғы 6 ақпан), «Армян халқының армян жауынгерлеріне арналған хатын» (1943 жылғы 27 ақпан), «Тәжік халқының тәжік жауынгерлеріне арналған хатын» (1943 жылғы 20 наурыз) және басқа да материалдарды  жариялады.

Хаттармен қатар «Правда» бұқаралық митингтер мен жиналыстар, әңгімелесулер материалдарын, партиялық, комсомол және өндірістік жиналыстар есептерін, көрнекті насихаттау материалдарын және т.б. кеңінен жариялап отырды.

Осы материалдарды жүйелі түрде жариялап, «Правда» насихаттау-бұқаралық және саяси-тәрбиелік жұмысты өрістету үшін күрес жүргізіп, сонымен қатар бүкіл халық болып майданға жәрдем жасауға бағытталған оның негізгі мазмұнын анықтады.

Осы көмектің ең әсерлісі ретінде халықтың бұқаралық-әскери іс-шаралардағы белсенді қатысуы болды. Соғыстың бірінші кезеңінде «Правда» газетінің беттерінде партиялық ұйымдардың басшылық етуімен өрістеген, бұқаралық-әскери жұмыс мәселелері кеңінен жарық көрді, атап айтсақ: жұмылдыруды, жалпыға ортақ міндетті әскери оқытуды жүргізу, халық жасағын құру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру, әскери бөлімшелерге барынша көмек көрсету.