Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 23 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

23 Қаңтар
1982 33 жыл бұрын Қазақтың академиялық опера және балет театрында «Ақан сері - Ақтоқты» операсының премьерасы өтті.
Алғашқы қойылымда бас партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Х.Қалиламбекова мен К.Мыржықбаев орындады. Операның авторы - С.Мұхамеджанов.
1992 БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өз отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшесіне қабылдау туралы қарарды мақұлдады

23 Қаңтар 1982

33 жыл бұрын Қазақтың академиялық опера және балет театрында «Ақан сері - Ақтоқты» операсының премьерасы өтті.

23 Қаңтар 1992

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өз отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшесіне қабылдау туралы қарарды мақұлдады

1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өз отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшесіне қабылдау туралы қарарды мақұлдады. Н.Ә. Назарбаевтың атына жолдаған өз жеделхатында сол кездегі БҰҰ бас хатшысы Бутрос Гали, Қазақстан БҰҰ Жарғысында көрсетілген талаптарды орындай алатын және орындауға тілек білдірген бейбітшіл мемлекет ретінде, осы халықаралық ұйымның қызмет етуінің бүкіл саласына зор, белсенді де сындарлы үлес қосатынына сенім білдірді. 1992 жылдың 3 наурызында Қазақстан БҰҰ толық құқылы мүшесі болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының толық мәжілісінде Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне қабылдау туралы шешім дауыс берусіз қабылданды. Мәжілістен кейін БҰҰ штаб орнында Қазақстанның туын көтеру салтанаты өтті.