Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 21 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

21 Қаңтар
1932 83 жыл бұрын «Казахстанская правда» деген атаумен жаңа газет жарық көре бастады
«Казахстанская правда» газеті 1920 жылдың 1 қаңтарынан бастап орыс тілінде шыққан «Известия Киргизского края» газетінің негізінде жарық көрді.
1750 265 жыл бұрын батыр, әулие, ағартушы, сәулетші Бекет Ата Мырзағұлұлы дүниеге келді
Маңғыстау (Ақтау) қаласында туған. Хорезмде Пақыржан қажыдан оқыған.

21 Қаңтар 1932

83 жыл бұрын «Казахстанская правда» деген атаумен жаңа газет жарық көре бастады

Ол бейсенбі сайын жарық көретін апталық газет болған. Жарты жылға жазылу бағасы 50, ал жеке саны 2 рубль тұрған.

Қазақ АССР құрылуымен газет мәртебесі де көтеріліп. 1921 жылдан бастап, «Известия Киргизского края» газеті «Степной правда» деп аталды. Ол, РКП менОАК ресми басылымы болып танылды. 1923 жылдан бастап, газет «Советская степь» атауымен күнделікті түрде жарық көре бастады.

1932 жылы 20 қаңтарда Қазақ өлкелік комитетінің ІІІ Пленумының Жарғысына сай «Советская степь» атауы,«Казахстанская правда» деп өзгертілді. 1932 жылы 20 қаңтарынан бастап, аталған газет осы атаумен шығып келеді.


21 Қаңтар 1750

265 жыл бұрын батыр, әулие, ағартушы, сәулетші Бекет Ата Мырзағұлұлы дүниеге келді

Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе-мешіттер салып, халықты сауаттандыруға көп күш жұмсаған. 
Жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер болған. 
Елінің тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, қолбасшы болған. 
Білімдарлығы, абыздығы мен көріпкелдік қасиеттері үшін елі оны көзі тірісінде қастерлеп, қадір тұтқан. 
Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Бекет Атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.