Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 10 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

10 Қаңтар
1999 Қазақстан президентінің екінші (кезектен тыс) бүкілхалықтық сайлауы өтті
Екінші бүкілхалықтық президент сайлауы (1999 ж. 10 қаңтар)
1915 100 жыл бұрын даңқты жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлин дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ақмола облысы Атбасар қаласында туған. Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірген.

10 Қаңтар 1999

Қазақстан президентінің екінші (кезектен тыс) бүкілхалықтық сайлауы өтті

1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан президентінің екінші (кезектен тыс) бүкілхалықтық сайлауы болып өтті. Сайлауда дауыс бергендердің 79,78 % қолдауына ие болған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп, және өкілеттілігі келесі 7 жылға ұзартылды. Бірден – бір оппозициялық кандидат Серікболсын Әбділдин (Қазақстан Коммунистік партиясы) 11,7 % иеленді.


10 Қаңтар 1915

100 жыл бұрын даңқты жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлин дүниеге келді.

1942-1947 жылдары - Казақстан КП ОК-нің нұскаушысы. 1947-1951 жылдары - Қазақ филармониясының директоры. 1953-1957 жылдары - Қазақстан Геология министрлігінің аға инспекторы, Ақтөбе облысындағы Берсүгір шахта басқармасының бастығы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы. 1958-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы қызметтерін атқарды.

Алғашқы шығармалары баспасөз бетінде 1940 жылдан бастап жарық көрді. Ол поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында жемісті еңбек етті. Алғашында ақын ретінде танылды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы, «Жұлдыздар» атты поэмалар жинағы, «Большевик туралы поэма», «Біржан сал трагедиясы», «Сұлтан», «Айша» дастандары жарияланды. 20 ғасырдың 60-жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл», орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» повестері жарық көрді. Жазушы қазақ әдебиетінде роман жанрын дамытуға, әсіресе, тарихи тақырыпты игеруге елеулі үлес қосты. «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», «Алмас қылыш», «Алтын құс», «Жанталас», «Көлең-кеңмен қорғай жүр», «Маңғыстау майданы», «Аманат», «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар», «Аққу құстың қуанышы» романдары, «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогиясы жарияланды. Драматургия саласында да қызмет етіп, «Таудағы тартыс» пьесасын жазды.

40-тан астам ән мәтіндерінің авторы.

Шығармалары орыс, украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, болгар, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілдерінде жарияланды.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдермен марапатталған. Атбасар қаласындағы, Алматыдағы мектептерге, көшелерге жазушының есімі берілген.