Басты бет Брифингтер ШҚО ғалымдарының тарихты зерделеу брифингісі

ШҚО ғалымдарының тарихты зерделеу брифингісі

ОКҚ-нің сәрсенбі күнгі баспасөз брифингіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) бірінші проректоры Бауыржан Ердембеков, Ә.Марғұлан атындағы археология институты Ғылыми кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Советхан Игібаев, сондай-ақ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Назарбаев Орталығы» ММ қызметкері Ерлан Сайлаубаев арнайы шақырылған.

Баспасөз брифингі 21-тамызда сағат 12:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында болады. Модераторы – Қазақстан Республикасы жанындағы ОКҚ-нің баспасөз қызметкері Болат Садықов.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз