Басты бет e-Кітапхана Монографиялар, жинақтар мен ұжымдық басылымдар Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі. Мейіркүл Жетпісбаева

Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі

05.01.2014
Мейіркүл Жетпісбаева

Бұл монографиялық еңбекте демократиялық азаматтық қоғам идеясының қазақстандық саяси ойда қалыптасуы мен оның тарихи және рухани негіздері әлеуметтік-философиялық қырынан талданады. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жалпы Түркістан өлкесінде, соның ішінде әсіресе Қазақстанда орын алған ұлттық тәуелсіздік үшін күресте белгілі жүйеге келген демократиялық ойдың өкіліМ. Шоқайдың көзқарастарының дүниетанымдық, философиялық астарлары зерделенеді. Еліміздегі демократиялық ойдың дамуы және Батыс ойшылдарының осы бағыттағы қордаланған ой түйіндерімен ішкі байланысы мағыналық-құндылықтық тұрғыда сараланады. Кітап ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар, М. Шоқайдың шығармаларындағы саяси мәселелерді талдауға арналған ойлау үрдістерінен туындайтын философиялық идеяларына қызығушылық білдіретін жалпы оқырман қауымға арналады.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз