Басты бет e-Кітапхана Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар Ұлт зиялылары және ұлттық идея (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі). М.К. Қойгелдиев

Ұлт зиялылары және ұлттық идея (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)

00.00.0000
М.К. Қойгелдиев

Қазақ қоғамындағы зиялылық пен зиялылар тарихын елдің саяси өмірінен бөлек талдауға алып, түсіну мүмкін емес. Оның себебі қазақ қоғамының ұзақ мерзім отарлық тәуелділікте болған жағдайынан, сондай-ақ ұлт зиялыларының қалыптасу процесінің де осы мерзімге тұс келуінен іздеген жөн. Өзінің этникалық ортасында өмір сүріп, қызмет жасаған зиялының отарлық тәуелділіктегі елінің болашағына төнген қауіпті сезбеуі әрине, мүмкін емес. Біз мақаламызда міне осындай тарихи жағдайда қазақ елінің интеллектуалдық болмысына шешуші ықпал жасауға күш салған ұлттық зиялылар тобының қызметіне, оның тарихи және ұлттық ерекшеліктеріне тоқталмақпыз.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз