Басты бет e-Кітапхана Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар Түркістан халықтары тарихындағы ағартушылық кезеңі. Мәселеге жаңа көзқарас қалыптастырудың қажеттілігі жөнінде. Мәмбет Қойгелдиев

Түркістан халықтары тарихындағы ағартушылық кезеңі. Мәселеге жаңа көзқарас қалыптастырудың қажеттілігі жөнінде

00.00.0000
Мәмбет Қойгелдиев

Еуропа тарихында бүтін бір тарихи кезең (ХVІІ жәнеХVІІІ ғғ.) Ағартушылық дәуірі аталады. Мұндай қоғамдық үрдістің негізінде білім мен ғылымның қуатты күшке айналып, жаңа өріс алуы жатты. Еуропалық ағартушылық феодалдық қоғамдық тәртіпті жоюға, ортағасырлық діни фанатизмнен бас тартуға, жеке тұлғаның еркіндігін мойындауға, білім мен ғылымға кең жол ашуға үндеді. Сонымен бірге Ағартушылықты тек еуропалық елдерге ғана тиесілі «аймақтық» құбылыс ретінде қарастыру, әрине, қателік болар еді [1]. Ағартушылық идеясы Ресей арқылы оның құрамындағы қазақ және қырғыз сияқты елдерге де жетті.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз