Басты бет e-Кітапхана Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар Темірбек Жүргенов және (САГУ) Орта Азия мемлекеттік университеті . Бауыржан Бердіқожаұлы Енсепов

Темірбек Жүргенов және (САГУ) Орта Азия мемлекеттік университеті

00.00.0000
Бауыржан Бердіқожаұлы Енсепов

Т. Жүргеновтің қоғамдық-саяси және рухани-мәдени қызметін жан-жақты ашып көрсету үшін зерделі зерттеу жүргізіп, шығармаларын жарыққа шығару қажет. Ол үшін Т. Жүргеновке қатысты Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты қорларындағы құжаттармен танысып, ғылыми негізде саралау керек. Т. Жүргеновтің өмір жолы аясында деректі және көркем фильмдер  түсіруді қолға алса, онда қазақ халқының рухани дүниетанымын жаңғыртуға қосылған сүбелі үлес болар еді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жыл сайын дәстүрлі Темірбек Жүргенов оқулары (ғылыми-практикалық конференция) өтсе, Т. Жүргеновтің тікелей ықпалымен өрістеген ХХ ғасырдағы білім мен ғылым, мәдениет пен өнер және халқымыздың қоғамдық-саяси өмірі қазіргі ХХІ ғасырдағы инновациялық өзгерістермен байланыстырыла ұштасатыны сөзсіз.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз