Басты бет e-Кітапхана Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар Сапалы білім-Ел дамуының қайнар көзі. Сахиев С.Е.- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

Сапалы білім-Ел дамуының қайнар көзі

00.00.0000
Сахиев С.Е.- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім – ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында XXІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық белестерімізге қорытынды жасап, 2020 жылға дейінгі дамуымыздың бағдарын айқындап бергенде де білімге көп назар аударды.

Әрине, тәуелсіз еліміздің кезең-кезеңмен атқарып жатқан іс-шаралары мемлекетшіл өре мен қуаттың ізденісін аңғартады. Сондықтан Жолдауда Елбасымыз Қазақстан дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Бұл – индустриялық-инновациялық дамуды жүйелеу және адам капиталына инвестиция көбейту деген сөз.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз