Басты бет e-Кітапхана Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар 1916 жылғы Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі және Амангелді Иманов. Аймағамбетұлы Роман

1916 жылғы Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі және Амангелді Иманов

00.00.0000
Аймағамбетұлы Роман

       Тарих ғылымы нақты дерекке, фактіге сүйенетін қоғамдық ғылымдардың бастысы болып табылады. Ұлттық идеяны, ұлттық сана-сезім мен саяси мақсат-мүддені анықтауда да оның алатын орны ерекше екендігі анық.Бірақ осы процессте, яғни белгілі бір ұлттың, халықтың тарихын жасау барысында кім маңызды роль атқарады: халық па, әлде сол халық арасынан шыққан жеке тұлғалар ма? деген сұрақ ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін талас тудыруда.Ғалымдардың бір тобы бірінші орынға халықты қойып, жеке тұлғалардың ролін екінші қатарға ығыстырса, екінші бір топ ғалымдар ұлы тұлғаларды халықтан жоғары қояды. Алайда халық пен сол халықтың бел ортасында жүріп ой-өрісі, сана-сезімі, адами қасиеттері қалыптасқан жекелеген тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймасақ та, оларды байланыстыра қарастыру керек сияқты.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз