Басты бет e-Кітапхана Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар Тұнған тарих - Торғайда. Каненова Г.Т.

Тұнған тарих - Торғайда

00.00.0000
Каненова Г.Т.

Көне Торғай даласының қойнауы ескерткіштер мен шежірелерге толы. Бірақ осы тарихи байлығымызды қайта жаңғыртып,оның жаңа қырларын ашу ұзақ жылдар бойы тоқырауға ұшырап,сайын даладағы көненің көздері назардан тыс қалып қойған еді.Дегенмен, 2000 жылдың мамыр-шілде айларында өңірдің этномәдениетін зерттеу және жинақтау экпедициясына шыққан өлкетану мұражайының қызметкерлері жоғарыдағы кемшіліктердің орнын толтырды. Экспедиция негізінен Аменкелді, Жангелдин, Қамысты аудандарына жасалды.Торғай өңіріндегі Аманкелді, Торғай кенттері, Құмкешу, Үрпек, Екідің ауылдары зерттеу жұмыстарының басты нысанына айналды. Мұндағы тұрғын үйлердің құрылыс материалдары,  олардың өзгеріске ұшырап жетілдірілуі ,сондай-ақ қолөнер , тұрмыстық  бұйымдардың(сандық,  кілем, киім, ыдыс-аяқ, әшекей  бұйымдары) жасалу жолдары,ерекшеліктері мұқият  зерттеліп, хатталып,  фотосуретке  түсірілді.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз