Басты бет e-Кітапхана Диссертациялық зерттеулер Қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесі: тарихи талдау (1991-2009 ж ж.). Шуршитбай Бейбитгул

Қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесі: тарихи талдау (1991-2009 ж ж.)

05.01.2014
Шуршитбай Бейбитгул

Бүгінгі таңда шетелдерде шамамен 5 миллионнан астам қазақ ирриденттері мен диаспора өкілдері тұрады. Біз оларды жинақтап «этникалық қазақтар» деп атаймыз. Шетелдегі қазақтардың саны біз ойлағаннан кем немесе одан әлде қайда көп болуы мүмкін. Қалай дегенмен де, Қазақстаннан сырт, алыс-жақын шетелдерде қазақ диаспорасы мен ирриденттерінің қомақты бөлігі өмір сүріп жатқаны белгілі. Қазақ ұлтының шетелдегі бұл өкілдері түрлі тарихи кезеңдерде, әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан. Оған қазақ жерінің отарлануы мен қазақ халқының өз ұлттық мемлекетінің жойылуы, сыртқы күштердің әлімжеттілігі әсер етті. 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз