Басты бет e-Кітапхана Диссертациялық зерттеулер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.). Әшімова Гүлназ Бейсенбайқызы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)

05.01.2014
Әшімова Гүлназ Бейсенбайқызы

Қазіргі кездегі маңызды, өмірлік мәні бар адамзат алдындағы мәселелердің бірі - экология, табиғатты қорғау болып табылады. Экологиялық жағдай табиғи және әлеуметтік стихиялық тоғысуынан туындап зерттеу объектісіне айналуда. Ядролық қару мен химиялық өндіріске толы қазіргі дүниеде бірде-бір мемлекет өз саясатын әлемдік дамудың мүдделерінен тысқары белгілей алмайды. ХХІ ғасырда әлемдік даму жолын адамзаттың құндылықтарына бағынуы тиіс екендігі айқын болып отыр. Жалпы адамзаттық құндылықтардың ортақ мақсаты адамның тіршілігі болса, қазіргі таңда адамның тіршілік орны - табиғи ортадағы өзгерістер тек қана биосфералық мәселе болып қоймай, әлеуметтік мәселеге айналуы белең алып келеді.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз