Шақшақұлы Жәнібек

00.00.0000
Күмісбайұлы Ш.

Ғасырдан аса созылған қазақ-жоңғар соғысы ел аузында қазақ-қалмақ соғысы делінеді. Осы жан алып, жан берген қиямет заманда өмір сүріп, асқан батыр әрі от ауызды, орақ тілді шешен атанған Жәнібектің ұшкыр ойын, аузынан шыққан даналық сөздерін халық қағып алып, жадында сақтаған. Әдетте, ондай тағылымды ақсақалдар бас қосқан жерлерден көптеп естуге болады. Ойлап қарасаң, осының бәрі кейінгі ұрпаққа арналған теңдесі жоқ мұра екендігін аңғарасың.
Жәнібек - ел бастап, қол басқарып қана қоймай, халық арасында шешендігімен де танымал болған адам. Оның бір ғасырға жуық мерзімде өткен қазақ-жоңғар соғысы кезеңінде тууы да жалған емес. Ол соңынан ерген жігіттерге: "Ұрыста олжаға емес, жеңіске ұмтыл. Жеңіске жеткен соң олжа ешқайда кетпейді" дейді екен. "Әділдік болса, батырлық неге керек" деген сөз де Жәнібектікі. Шындығында әділдік болса, соғыс болмайды емес пе?

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз