Басты бет Есімнама Панкратова Анна Михайловна

Панкратова Анна Михайловна

Орыс жұмысшы тобының тарихы және оның революциялық үрдістерде және социалистік құрылыс, 1905-1907 жж. революция оқиғаларындағы рөлі мәселелері бойынша зерттеуші ғалымдардың бірі..

Одесса университетінің тарих факультетін тәмамдады 1917),

Қызыл профессура Институтында білім алды (1922-1925),

КСРО ҒА тарих институтының қызметкері (1939),

Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО ҒА тарих Институтының бір топ мамандарымен Алматыға жер ауыстырды (1941).

Республткадағы тарихшы-ғалымдарды даярлауға көп көңіл бөлді.

Оның жетекшілігімен Мәскеу, Ленинград және Алматы қалаларынан танымал тарихшы-ғалымдар тобымен бірлесе отырып, «Қазақ КСР тарихы» еңбегі жазылды. Бұл ежелгі дәуірден Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарындағы одақтас республика тарихын жалпылаудың алғашқы қадамы болды. 

Ленин ордені, екі рет Қызыл Ту Еңбек орденімен және тағы басқа да медальдармен марапатталған. РСФСР және ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері.

КПСС XIX және XX съездерінде партия құрамына сайланды, КСРО Жоғары Кеңесінің 4-шақырылымының депутаты, КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының мүшесі, Біріккен Ұлттар ұйымының Кеңес ассоциациясының төрағасы Кеңес Одағы тарихшыларының Ұлттық комитетіне басшылық қызметтерін атқарды.  

Ленин ордені, екі рет Қызылту Еңбек орденімен және тағы басқа медальдармен марапатталды. РСФСР және ҚазКСР ғылымының  еңбек сіңірген қайраткері

  Негізгі ғылыми еңбектері:

·  История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) // Под ред. М. Абдыкалыкова и А. Панкратовой. Алма-Ата, 1943.

·  Основные вопросы истории Казахской ССР (к выходу в свет книги «История Казахской ССР: (с древнейших времен до наших дней)». Большевик Казахстана. 1943, № 10-12.

·  Фабзавкомы России в борьбе за социалистическую фабрику. (1923)

·  Фабзавкомы и профсоюзы (Россия, Германия, Италия и Франция). (1924)

·  Петербургский «Союз борьбы за освобождение рабочего класса». (1939)

·  Формирование пролетариата в России (XVII—XVIII вв.).Алма-Ата, (1963)

Из истории рабочего класса и революционного движения: Москва, 1958

Панкратова Анна Михайловна
  • Аты
  • Панкратова Анна Михайловна
  • Қызмет саласы
  • Ғалымдар, зерттеушілер
  • Туған күні
  • 1897
  • Қайтыс болған күні
  • 1957