Көшек хан

Көшек хан, Кішік хан – 18 ғасырдың 30 – 40-жылдары найман руын басқарған.

Көшек хан, Кішік хан (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдың 30 – 40-жылдары найман руын басқарған. Кейбір мәліметтер бойынша, хан атағы болған. Көкжал Бараққа ағайын туыс және Әбілқайыр ханның баласы Нұралы ханның қайын атасы. 1733 жылы найман елін басқарған кезінде Ресейдің қол астына өтуге ант берген. 1742 жылы жоңғарлармен бейбіт бітім жасалған уақытта Көшек хан келісімшартқа белсенді түрде қатысып, өз мөрін басқан. Ең соңғы мәлімет-деректерде Көшек ханның қазақ билеушілерінің арасында онша беделі болмағандығы көрсетіледі, сондай-ақ ол 1748 жылға дейін найман ханы болған деп саналады.

  • Аты
  • Көшек хан
  • Қызмет саласы
  • Ел басқарушылар, хандар, сұлтандар
  • Туған күні
  • белгісіз
  • Қайтыс болған күні
  • белгісіз