Басты бет Есімнама Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов

Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов

Қазақ саяси қайраткері

1895 жылы 25 сәуірде Семей облысы Қарқаралы уезінде дүниеге келген.

1915 жылы Омбы мұғалімдер семинариясын, 1931 жылы ВКП (б) ОК жанындағы Коммунистік университетті тәмамдады.

1915—1918 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі. 1918 жылы ақпан-мамыр айлары — жұмысшы шаруа депутаттары Қарқаралы уездік кеңесінің хатшысы. 1918—1919 жж. Ақгвардияшылар түрмесінде.

1920—1921 жж. — Қарқаралы уездік ревкомының, уездік атқару комитетінің, Семей губерниялық әскери ревкомының мүшесі және бөлім меңгерушісі, губкомның бөлім меңгерушісі, Семей губерниялық атқару комитетінің мүшесі.

1921 жылдың қазанынан революциялық Трибуналдың төрағасы. 1923 жылдың 11 сәуірінен РСФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімінің төрағасы. Н. Нұрмақовтың Жоғарғы Сот пен губерниялық прокуратураның қалыптасуындағы ролі ерекше зор.

1923—1924 жж. Юстиция халық комиссары.

Осы кезеңде прокуратура мен сот органдарын ұйымдастыру, кәсіби кадрларды даярлау, іс жүргізуге қазақ тілін енгізу жұмыстары аяқталды. Орынборда тұңғыш өлкелік заң курсының ашылуы Нұрмақовтың қызметке келуімен дәл келді. Қысқа мерзімді курстар Семейде, Ақмолада, Қостанайда ашылды. Олардың жанынан еңбек сессиялары ұйымдастырылды.

1922 жылғы 13 шілдеде екінші шақырылған КирЦИК-тің ІІІ сессиясында прокурорлық қадағалау туралы, адвокатура туралы Ережелер қабылданды. 1923 жылғы 28 желтоқсанда КирЦИК жанындағы бас Тәртіптік Кеңес туралы қаулы бекітілді.

1925 жылғы қыркүйек—қазан айлары — ВКП(б) Киробкомының бөлім меңгерушісі.

1924 жылғы қазан — 1929 жылғы сәуір — ҚАКСР Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы. 1929—1931 жж. — Мәскеуде оқуда.

1931—1937 жж. — ВЦИК хатшысының орынбасары. ВЦИК Президумының бөлім меңгерушісі ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің ҚАКСР ОАК мүшесі.

1937 жылы атылып, 1956 жылғы тамызда ақталды.

Түпнұсқа: wikipedia 

Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов
  • Аты
  • Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов
  • Қызмет саласы
  • Саяси қайраткерлер