Басты бет Есімнама Сүйінбай Аронұлы

Сүйінбай Аронұлы

Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері.

Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері.

Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның Тезек төре және Қатаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.

Халық арасында оның "Мақсұтқа", "Қасымға", "Жетісу билеріне", "Болыстарға баға", тағы да басқа сатиралық өлеңдері кеңінен танымал.

Түпнұсқа: tarihi-tulgalar.kz  
Сүйінбай Аронұлы
  • Аты
  • Сүйінбай Аронұлы
  • Қызмет саласы
  • Ақын-жыраулар, билер